Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері қазақ-түрік бизнес форумында болды

Astana Hub және халықаралық Bilkent CYBERPARK технопаркімен серіктестікте Түркия мен Қазақстаннан 50-ге жуық компания қатысатын бизнес-форум ұйымдастырды.

Іс-шара 27-28 сәуірде өтеді және бизнес-қоғамдастықтың іскерлік байланыстарын дамытуға және екі мемлекет арасындағы сауда және инвестициялар саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Келіссөздер БҚ әзірлеу, қорғаныс өнеркәсібі, IoT, порталды әзірлеу, энергетикалық мониторинг және бақылау, автоматтандыру, жасанды интеллект, Машиналық оқыту, мобильді қосымша, цифрлық трансформация, өнімділік, «ақылды үй» жүйесі, электрондық құжат айналымы және т.б. санаттар бойынша өтеді.

Екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында форумға «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «811 автожөндеу зауыты» АҚ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Қазтехнология» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «ҚАИ» ЖШС, «Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС, «R&D Қазақстан инжиниринг орталығы» ЖШС, «ПАМЗ» ЖШС сияқты кәсіпорындар қатысты.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ түрік компанияларын маңызды стратегиялық әріптестер ретінде қарастырады, сондықтан ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен достық қатынастарды кеңейтуге бағытталған.

Кері қайту