Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ASFAT компаниясымен кеме жасау туралы келісім

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та ASFAT мемлекеттік компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Тараптар Каспий теңізінде кеме жасау зауытын салу жобасын «Зенит» Орал зауыты» АҚ және «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ кеме жасау кәсіпорындарымен бірлесіп, оны одан әрі іске асыру жөніндегі келісімге келе отырып, дамыту мәселелерін талқылады.

Қазіргі уақытта қазақстандық шағын және орта бизнесті міндетті түрде тарта отырып, ынтымақтастықтың әртүрлі нысандары қарастырылуда.

Кеме жасау зауыты әскери және коммерциялық теңіз кемелерінен бастап негізгі жер үсті әскери кемелеріне дейін әртүрлі платформаларды жобалайды және салады. Жұмыстардың басым бөлігін, әсіресе әскери бағыт бойынша, «Зенит» зауыты жүзеге асыратын болады.

Барлық жобалар қажеттілік болған кезде және Қазақстан Республикасының Қарулы күштері тарапынан тиісті ерекшеліктер бекітілген кезде ғана іске асырылатынын атап өту маңызды.

Кері қайту