Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Су тасқыны кезеңіне дайындық: «Қазақстан инжиниринг» зауыттары алдын алу шараларын қабылдауда

Көктемгі су тасқыны кезеңі қарсаңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» Холдингінің кәсіпорындары ықтимал су тасқыны жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде алдын ала шаралар қабылдайды.

Кешенді дайындық келесі іс шараларды қамтиды:

  • Аумақты қардан уақтылы тазарту және оны шығару;
  • Қажетті техника мен ресурстардың жеткілікті мөлшерін тексеру және қамтамасыз ету;
  • Су тасқыны жағдайы бойынша іс-шаралар жоспарларын, қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарды және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібін қоса алғанда, ішкі регламенттеуші құжаттарды өзектендіру;
  • Жауапты тұлғалармен қосымша үйлестіру және қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Іс-шаралардың барысы туралы ақпарат іс-әрекеттерді тиімді үйлестіру үшін Компанияға үнемі беріледі.

Өткен жылдың тәжірибесі, атап айтқанда Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқыны Холдинг зауыттарының жедел ден қоюға жоғары дайындығын көрсетті. Мәселен, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ құтқару операцияларына және су басу салдарын жоюға белсенді қатысты.

2024 жылы Компанияның кәсіпорындары қорғаныс құрылыстарын нығайту және халықты қорғау үшін жаңа нысандар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдады. Жұмыстарға бөгеттер салуды, құм мен саз қаптарын жеткізуді және аумақтарды нығайтуды қамтамасыз ететін жүзден астам қызметкерлер қатысты.

Сонымен қатар, биылғы жылдың қысында айтарлықтай қар жауды. Осыған байланысты зауыттар су тасқыны қаупінің ықтимал салдарын азайту, сондай-ақ жоғары дайындықты сақтау және барлық тартылған құрылымдар арасында тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін алдын ала шаралар қабылдайды.

Кері қайту